
Narxoz College AI CAREER LAB бағдарламасын іске қосты
Narxoz College екінші курс студенттеріне жасанды интеллект агенттерін құруды үйрететін AI CAREER LAB бағдарламасын іске қосты. Бұл жоба студенттерді ЖИ қолданушысы деңгейінен технологияны өз қолымен жасайтын маман деңгейіне шығарады.
AI CAREER LAB бағдарламасына 50 студент конкурстық іріктеу арқылы қатысады. Қазақстанның білім беру кеңістігінде студенттерді дайын ЖИ құралдарымен жұмыс істеуге ғана емес, өз AI-агенттерін жасауға үйрететін мұндай практикалық формат әлі кең таралған жоқ.
Narxoz College осы бағытты студенттің кәсіби дайындығына енгізіп, ЖИ-мен жұмыс істеуді болашақ маманның нақты құзыретіне айналдырып отыр. Студент екінші курстың өзінде технологияны зерттеп қана қоймай, оны өз мамандығының міндеттеріне бейімдеп, нақты нәтиже жасайды.
Бұл – студенттің дипломға дейін жинайтын тәжірибесіне қосылған жаңа деңгей.
AI CAREER LAB таныстырылымы және іріктеуге тіркелу 25 қыркүйек күні сағат 14:00-де Narxoz College акт залында өтеді. Бағдарламаның негізгі кезеңі 24 қазанға жоспарланған.