
Narxoz College ICPC Kazakhstan Qualification іріктеу кезеңін өткізу алаңына айналды
2026 жылғы 18 қазанда Narxoz College базасында спорттық бағдарламалау бойынша ICPC Kazakhstan Qualification іріктеу кезеңі өтті. Жарысты Спорттық бағдарламалау федерациясы (CPFED) ұйымдастырды.
ICPC – алгоритмдік ойлау мен бағдарламалау дағдыларын дамытуға, күрделі техникалық міндеттерді шешуге және командалық жұмысты жетілдіруге бағытталған халықаралық жарыстар жүйесі. Мұндай жарыстар қатысушыларға өз білімін тәжірибеде қолдануға, алгоритмдік есептерді шешу қабілетін көрсетуге және уақыт шектеулі жағдайда тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Жарысты өткізу үшін компьютерлік сыныптар техникалық тұрғыдан дайындалып, жұмыс орындары ұйымдастырылды, қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету бапталды, жарысқа арналған сервистердің тұрақты жұмысы мен прокторинг жүйесі тексерілді.
Narxoz College базасында іріктеу кезеңінің өткізілуі колледждің ақпараттық технологиялар саласындағы білім беру бастамаларын қолдауға, студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға және болашақ IT мамандарының кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған жұмысын көрсетеді.
Narxoz College білім беру үдерісі мен IT саласының кәсіби ортасы арасындағы байланысты нығайтуға, студенттердің алған білімін тәжірибеде қолдануына және заманауи технологиялар саласында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік беретін бастамаларды қолдауды жалғастыруда.