Narxoz College тарихында алғаш рет – түлектерге арналған Ашық есік күні!

🎓 Narxoz College тарихында алғаш рет – түлектерге арналған Ашық есік күні!

25 жылдық тарихымызда алғаш рет Narxoz College түлектерін арнайы қонақтар ретінде жинаған ерекше кездесу өтті.

Ширек ғасыр ішінде колледжіміз 11 000-нан астам түлек тәрбиелеп шығарды. Әрқайсысының өз жолы, өз жетістігі мен колледжбен байланысты естеліктері бар. Бұл кездесу сол байланыстарды қайта жаңғыртып, бұрынғы студенттерімізді бір шаңырақ астына біріктірді.

Кездесу барысында түлектер өздері білім алған колледжге қайта оралып, ұстаздарымен қауышып, студенттік шақтарын еске алды. Бұл күн Narxoz College тарихындағы маңызды сәттердің біріне айналды.

Біз үшін түлектеріміздің жетістігі – үлкен мақтаныш. Қай салада жүрсе де, олар Narxoz College тарихының ажырамас бөлігі болып қала береді.

Осы ерекше күннің бір бөлігі болған барша түлектерімізге алғыс айтамыз! Алдағы уақытта да арамыздағы байланыс нығайып, ортақ кездесулеріміз жалғасын табады деп сенеміз.

Narxoz College – 25 жыл бірге!