
Narxoz College-де 1С бойынша қалалық байқау өтті
2026 жылғы 7 қарашада Narxoz College-де колледждің 25 жылдығына арналған «Мамандыққа мақтанышпен, сандарға дәлдікпен» атты қалалық байқау өтті. Оған Алматы қаласының 15 колледжінен 20 студент қатысты.
Қатысушылар «1С:Бухгалтерия 8.3» бағдарламасында практикалық тапсырмаларды орындап, бухгалтерлік ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану қабілеттерін көрсетті.
Байқау жұмыстарын кәсіпорын өкілдері мен бухгалтерлік есеп саласындағы білікті мамандар бағалады. Қазылар алқасы қатысушылардың білімі мен практикалық дағдыларына кәсіби әрі әділ баға берді.
Байқау қорытындысы:
🏆 Бас жүлде: Пайзаханова Амина — Тұран университетінің колледжі
🥇 I орын: Куандык Айгерим — Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі
🥈 II орын: Толепбергенова Аяна — Тұран университетінің колледжі
🥈 II орын: Сұлтан Әлижан — «Колледж Әділет» ЖШС
🥉 III орын: Куценва Диана — Алматы менеджмент және сервис колледжі
🥉 III орын: Валиев Рамис — «Колледж Әділет» ЖШС
Байқау тәжірибе алмасуға, кәсіби дағдыларды дамытуға және болашақ мамандыққа қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.
Барлық колледждерге белсенді қатысқаны үшін, жетекшілерге студенттерді дайындағаны үшін, ал қазылар алқасына кәсібилігі мен әділ бағалағаны үшін алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды құттықтап, барлық қатысушыларға жаңа жетістіктер мен кәсіби табыс тілейміз!