
Narxoz College республикалық ғылыми жобалар байқауында III орын иеленді
19 қараша күні Narxoz University-де 12 университеттің студенттерін біріктірген «Finance Intelligence: A New Era of Financial Solutions» атты республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті. Narxoz College бұл байқауда колледждер арасынан жалғыз команда болып қатысып, өз ғылыми жобасын ұсынды.
Студенттеріміз М. Р. Әлиева, С. Б. Төлеухан және В. А. Фенская кредиттік өнімдер бойынша бонус пен кешбэктің клиенттер белсенділігіне әсерін зерттеді. Команда қаржылық ынталандыру құралдары мен тұтынушылардың мінез-құлқы арасындағы байланысты талдап, зерттеу нәтижелерін қазылар алқасына қорғады.
Байқау қорытындысы бойынша Narxoz College командасы III орынға ие болды. Студенттеріміз зерттеу дағдыларын, аналитикалық ойлау қабілеттерін және қаржы саласындағы білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.
Студенттерімізді лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Ғылыми жетекшісі Д. С. Қыдыралиноваға жобаны дайындау барысындағы кәсіби қолдауы мен еңбегі үшін алғыс білдіреміз.
Бұл жетістік – студенттеріміздің республикалық деңгейде өз мүмкіндіктерін танытып, университеттік ғылыми ортада бәсекеге қабілетті екенін дәлелдегенінің көрінісі.