Мазмұнға өту
NARXOZ COLLEGE

NC TALKS: TED форматындағы ағылшын тіліндегі жеке оқиғалар

NC TALKS: TED форматындағы ағылшын тіліндегі жеке оқиғалар

2026 жылғы 17 қарашада Narxoz College-де Speaking Club ұйымдастыруымен NC TALKS іс-шарасы өтті. TED-style форматында өткен кездесу ағылшын тілінде сөз сөйлеп, өмірлерінде ерекше із қалдырған оқиғаларымен бөлісуге дайын студенттерді біріктірді.

NC TALKS дәстүрлі баяндамалардан ерекшеленіп, қатысушылардың жеке тәжірибесіне негізделді. Студенттер тақырыптарды өздері таңдап, өмірлеріндегі маңызды оқиғалар, түрлі жағдайлар мен дүниетанымына әсер еткен тәжірибелер туралы баяндамалар дайындады. Мұндағы басты міндет тек ағылшын тілінде сөйлеу емес, өз ойын нақты жеткізіп, аудиторияның назарын аудару және жеке оқиғасын тыңдаушыларға түсінікті етіп баяндау болды.

Іс-шара барысында баяндамалардың мазмұнына, презентация құрылымына және көпшілік алдында сөйлеу мәдениетіне ерекше назар аударылды. TED-style форматы студенттерге қалыпты оқу тапсырмаларынан тыс тәжірибе жинап, өздерін спикер ретінде сынап көруге мүмкіндік берді.

Speaking Club үшін NC TALKS ағылшын тілін қарым-қатынас, өзіндік ойды білдіру және тәжірибе алмасу құралы ретінде қолданатын алаң болды. Мұндай жобалар студенттердің презентация жасау, өз ойын дәлелдеу және шет тілінде аудитория алдында еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.