Мазмұнға өту
NARXOZ COLLEGE

Қаржылық сауаттылық – сенімді болашақтың негізі

Қаржылық сауаттылық – сенімді болашақтың негізі

Narxoz College студенттері «Отбасы банк» АҚ бизнес-даму департаментінің маманы Ақболат Қайырұлы Рымтаевпен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы қаржылық сауаттылық және оның күнделікті өмірдегі маңызына арналды.

Кездесу барысында спикер студенттерге жеке қаржыны басқару, қаржылық жоспарлау және қаражатты тиімді пайдалану қағидалары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар қаржылық тәртіпті қалыптастыру, кірістерді дұрыс бөлу және шығындарға жауапкершілікпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Студенттер қаржы саласындағы білімдерін толықтырып, жеке бюджетті басқарудың практикалық тәсілдерімен танысты. Сондай-ақ болашақта қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге көмектесетін шешімдер туралы мағлұмат алды.

Narxoz College студенттердің күнделікті өмірде және кәсіби қалыптасу жолында қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгеруіне бағытталған кездесулерді жалғастыруда.