
Adverso Group негізін қалаушымен кездесу: маркетинг стратегиясындағы жарнаманың рөлі
2026 жылғы 13 қарашада Narxoz College студенттері Adverso Group жарнама агенттігінің негізін қалаушы Иван Владимирович Лелёткамен кездесті.
Кездесу «Маркетинг тізбегіндегі буын ретіндегі жарнама» тақырыбына арналды. Спикер жарнаманың брендті ілгерілетудегі рөлі, оның маркетингтің басқа құралдарымен байланысы және тиімді жарнамалық шешімдердің бизнесті дамытудағы маңызы туралы әңгімеледі.
Студенттер жарнама индустриясының ерекшеліктерімен танысып, агенттік жұмысының практикалық қырлары туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар заманауи маркетинг тәсілдері жөніндегі түсініктерін кеңейтті.
Мұндай кездесулер студенттерге теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, кәсіби мамандардың тәжірибесі арқылы болашақ мамандығына деген көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.