
«Мамандық мақтанышпен, сандардағы дәлдікпен» қалалық байқауы
2026 жылғы 7 қарашада Алматы қаласындағы Narxoz University Экономикалық колледжінің базасында колледждің 25 жылдық мерейтойына орай «Мамандық мақтанышпен, сандардағы дәлдікпен» тақырыбында қалалық байқау өтеді.
Байқау Алматы қаласындағы колледж студенттері арасында «1С: Есепті автоматтандыру» құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылады.
Байқаудың мақсаты – дарынды жастарды анықтау және қолдау, студенттердің бухгалтерлік есеп саласында заманауи цифрлық құралдарды қолдану дағдыларын дамыту.
Қатысу тәртібі
Байқауға қатысу үшін әр колледж 2026 жылғы 30 қазанға дейін 2 қатысушыдан аспайтын өтінім жіберуі қажет.
Өтінімдер төмендегі электрондық пошта мекенжайлары арқылы қабылданады:
* kudyrmoldanova@college-narxoz.kz
* zhunusova@college-narxoz.kz
Байқау екі тілде өткізіледі. Қатысушылар мен жетекшілерге байқаудың ресми ережесімен танысу ұсынылады.
Байланыс ақпараты
Байқауға қатысты сұрақтар бойынша:
* Жақупова Заураш Мұхамеджановна – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі бас директордың орынбасары: 8 (777) 236-90-57
* Аламанова Жібек Тұрғыновна – кафедра меңгерушісі: 8 (747) 831-13-35
* Қыдырмолданова Гүлсия Темірханқызы – арнайы пәндер оқытушысы: 8 (707) 989-82-39
Narxoz College барлық қатысушыларға сәттілік тілейді!