Narxoz College кітапханасына жаңа LED-экран орнатылды

Narxoz College кітапханасына жаңа LED-экран орнатылды
Narxoz College-дің 25 жылдық мерейтойына орай жүзеге асырылып жатқан «25 жыл – 25 игі іс» бағдарламасы аясында колледж кітапханасына студенттердің сұранысы бойынша жаңа LED-экран орнатылды.
Бұл бастама кітапхана кеңістігін жетілдіріп, студенттерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Жаңа экранның орнатылуына қолдау көрсеткен Narxoz College түлегі Кирилл Алексеевич Акуловқа алғыс білдіреміз. Колледж өміріне бейжай қарамай, білім ордасының дамуына тұрақты үлес қосып жүрген түлегімізге ризашылығымызды білдіреміз.