
Шетелде білім алу: жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар
Narxoz College студенттері үшін шетелде білім алу мүмкіндіктеріне арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуді Нұркен Нағышбек жүргізіп, студенттерге халықаралық білім беру бағыттары бойынша кеңес берді.
Кездесу барысында шетелдік жоғары оқу орындарына түсу жолдары, қабылдау талаптары, білім беру бағдарламалары және шетелде білім алудың мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жеке консультация алу мүмкіндігіне ие болды.
Narxoz College-де біз студенттерге жаңа мүмкіндіктер туралы ашық ақпарат беруге, тәжірибе алмасуға және маңызды біліммен бөлісуге ерекше мән береміз. Біздің мақсатымыз – әр студенттің өз болашағын саналы жоспарлап, халықаралық деңгейде дамуына жол ашу.