
Заңгерлік хат: теориядан тәжірибеге
Заңгерлік хатты қалай дұрыс құрастыру керек? Қандай тұжырымдарды қолданған жөн және әрбір сөздің дәлдігі неліктен маңызды?
Осы сұрақтарға Narxoz College студенттері Qazaq Republic компаниясының заң бөлімінің басшысы Максим Жигайлов өткізген дәріс барысында жауап іздеді.
Кездесу заңгерлік хаттарды сауатты құрастыруға, ресми құжаттарды рәсімдеу ерекшеліктеріне және кәсіби іскерлік коммуникацияға арналды.
Дәріс барысында студенттер заңгерлік хаттың құрылымымен, құжаттарды дайындау талаптарымен және ақпаратты нақты әрі сауатты жеткізу тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар, алған білімдерін кәсіби ортада қалай қолдануға болатыны талқыланды.
Narxoz College-де біз тәжірибелі мамандарды шақырып, студенттердің кәсіби ортаға жақындай түсуіне мүмкіндік беруге мән береміз. Өйткені мамандықты түсіну тек теориямен шектелмейді – ол нақты тәжірибе, ашық диалог және сала мамандарымен тікелей байланыс арқылы қалыптасады.