Narxoz College студенттері Qazaqstan IGF 2026 ұлттық форумына қатысты

Narxoz College студенттері Qazaqstan IGF 2026 ұлттық форумына қатысты

2026 жылғы 14 қазанда Narxoz College-дің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының ПО-131 тобының студенттері Сагидуллиев Айдар Аскаровичтің жетекшілігімен Алматы қаласындағы SmArt.Point IT-хабында өткен интернетті басқару жөніндегі IV Ұлттық Qazaqstan IGF 2026 форумына қатысты.

Форумның тақырыбы – «Қазақстанның дамуы мен өркендеуі үшін ашық әрі қауіпсіз цифрлық кеңістік құру».

Іс-шара барысында киберқауіпсіздік, дербес деректерді қорғау, азаматтардың цифрлық құқықтары, жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану және интернеттегі балалар қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Қазақстандағы цифрлық ортаны дамыту және жаңа технологияларды енгізуге байланысты өзекті мәселелерге назар аударылды.

Форумға мемлекеттік органдардың, IT-компаниялардың, азаматтық қоғам мен академиялық ортаның өкілдері қатысып, интернетті басқару және еліміздің цифрлық кеңістігін дамыту бағыттары бойынша пікір алмасты.

Студенттердің форумға қатысуы IT саласындағы өзекті мәселелермен танысуға және Қазақстанның цифрлық дамуына қатысты маңызды тақырыптардан хабардар болуға мүмкіндік берді.